Шымкентке Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Украина және Үндістаннан дәрі-дәрмектер жеткізілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласына Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Украина және Үндістан елдерінен жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді. Сондай-ақ, 4 млрд теңгеге келісімшарт жасалған фармацевтикалық өндірушілерден тікелей қала аумағына жүк ұшағы мен үш жүк көлігі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентке  Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Украина және Үндістаннан дәрі-дәрмектер жеткізілді

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, дәрілік препараттарды тасымалдауға рұқсаты бар сегіз компания жеткізіп берген. Атап айтқанда, левофлоксацин, цефтриаксон, дексеметазон, аскорбин қышқылы және басқа да препараттардың 20-дан астам түрі әкелінді. Аталмыш жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ел халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп отыр. Дәріханаларға түскен вирусқа қарсы препараттар ЖРВИ, COVID-19, пневмонияны емдеуге және дене қызуын төмендетуге арналған.

«Өзбекстан Республикасынан дәрі-дәрмектерді бес компания жеткізіп отыр. Дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша келісімшарттың сомасы төрт миллиард теңгеден асады. Сонымен қатар, «Ақ ниет« компаниясы дәрі-дәрмектің - 14 түрін, «Зерде« - 10, «Аптека-5«-8, «Қойбағаров« ЖК - 9, «Отау Мед« - 23 түрін жеткізді. Қазіргі таңда, келіп түскен дәрі-дәрмектер қаланың ірі дәріханаларына толық жеткізілді» делінген хабарламада.