Шымкентте 10-ға жуық полиция қызметкері жарақаттанды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жаппай тәртіпсіздіктен 10-ға жуық кәсіпкерлік нысанға зиян келген. Сондай-ақ 10-ға жуық полиция қызметкері жарақаттанған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі кезде қаладағы қиратылған кәсіпкерлік нысандарының шығыны есептеліп жатыр. Ал, коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері қаланы тазартуда. «Зардап шеккен кәсіпкерлік нысандарының баршасыда ереуілшілер жүріп өткен А.Байтұрсынов, Д.Қонаев, Арғынбекова көшелерінің бойында орналасқан. Кейбірінің есік-терезесі сынса, ал, кейбірінің ішіндегі тұтыну тауарларын алып кеткен. «Метро» дүкенінің ішінде өрт шыққан. Дегенмен, дер кезінде сөндірілді. Ғимаратқа да зақым келген. Автотехника мен кеңселер қиратылған. Шығын көлемі нақтылануда» – деді «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Шымкент филиалының директоры Нұрлан Кабиштаев.