Шымкентте 10 жасар бала жоғалып кетті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте ақыл есі кем 10 жасар бала іздестіріліп жатыр. Өңірдің тәртіп сақшылары науқас жасөспірімнің із-түзсіз жоғалып кеткенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
12 қыркүйекте кешкі сағат 19.30-дар шамасында Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне Бәйдібек ауданының 40 жастағы келіншектен арыз түскен. Ол өз арызында Құралбек Нұркен Талғатұлы есімді ұлының із-түзсіз жоғалып кеткенін көрсеткен. Арнайы мектеп-интернатында оқитын ұлы сол күні сағат 13.45-те белгісіз жаққа шығып кетіп, қайтып оралмапты.
Жоғалған баланың белгілері: бойы 133 см, шағын денелі, шашы қара. Үстінде қара түсті спорттық костюм, қара түсті аяқ киімі болған. Психикалық науқас болуына байланысты анық сөйлей алмайды, жай ғана сөйлейді. Қазір полицейлер баланы жан-жақтан іздестіруде. Егер баланы көрген білгендер болса Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне 54-53-66 немесе «102» нөміріне хабарласуды сұрайды.