Шымкентте 10 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 10 жастағы қыз жоғалып кетті. Жанель Маратова есімді жеткіншек бүгін түске таяу үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Қазір қаланың полицейлері мен туыстары жабылып жасөспірімді іздестіруде.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, Жанельдің жоғалғаны жөнінде анасы полицияға арыз түсірген.

«Бүгін түскі сағат 15.00-дер шамасында жеткіншектің анасы Абай аудандық полиция бөліміне арыз түсірген. Оның айтуынша, таңертең қызына жақсы бағалар алмадың деп аздап ұрысып алған көрінеді. Соған ашуланған Жанель сағат 11-00-дер шамасында 8-ші мөлтекауданындағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Қазір ішкі істер қызметкерлерінің бүкіл жеке құрамы 10 жастағы қызды іздестіруде»,- дейді Салтанат Қаракөзова.

Жоғалған қыздың белгілері: бойы 140-150 см, шағын денелі, шашы мен көзі, қасы кара. Үстіне қызыл футболка, сары лосины киген. Аяғында жаздық аяқ киімі бар.

Туыстары егер қызды көргендер болса 102 нөмеріне немесе оның анасы Зәуреге 8-778-777-20-52 хараласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар