Шымкентте 13 жастағы қыз газдан уланып, көз жұмды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 13 жастағы жасөспірім газдан уланып, қаза болды. Қайғылы жағдай Абай ауданындағы жекеменшік үйлердің бірінде орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте 13 жастағы қыз газдан уланып, көз жұмды

Қалалық ТЖД мәліметінше, жасөспірімнің газдан уланғаны туралы хабарлама 5 қаңтар, күндізгі сағат 15:30 шамасында келіп түскен.

«Жеке үйде газ колонкасының ақауынан 2005 жылы туған жасөспірім табиғи газдан уланып, оқиға орнында қайтыс болды. Оқиға орнына ТЖ және полиция департаменттерінің 5 қызметкері барған. Қазіргі таңда қайғылы оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр» делінген хабарламада.