Шымкентте 15 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды
Мерекелік шараны қалалық Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов сөз сөйлеп ашып, жиналған қауымды алда келе жатқан ұлық мерекемен құттықтады. Еліміздің дамуына елеулі үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Салтанатты шара барысында сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсын тәмамдаған 30 бағдарлама қатысушысына тігін машиналары мен кондитерлік пештерін сыйға тартылды. Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаевтың айтуынша, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жыл басынан бері 4 мыңнан аса азамат жолданған. Бос жұмыс орындарына азаматтарды жолдау жұмыстары да жүйелі түрде жолға қойылған.
«Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсын тәмамдағандарға тігін машиналары мен пегтерді бері бастамасы кәсіп бастауды мақсат еткен азаматтарға зор қолдау. Үшінші мегаполисте »Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы« аясында кәсіптік-техникалық мамандарды даярлауға ерекше ден қойылып отыр. Ағымдағы жылдың 1-ші желтоқсанына дейін 15 мыңға жуық азамат тұрақты жұмысқа орналастырылған»,- дейді басқарма басшысы.