18:02, 04 Қаңтар 2023 | GMT +6
Шымкентте 15 жасар қызды іздеуге еріктілер де жұмылдырылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 15 жасар қызды іздеуге еріктілерде жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30 желтоқсан күні сағат 15:00 шамасында үйінен шығып кеткен Шымкент қаласының тұрғыны Сагидуллаева Анель Талғатқызы қайтып оралмаған.
Бойы - 160-165 см, дене бітімі - орташа, шашы - ұзын. Үйден шыққанда үстінде сұр-қара түсті күртеше мен спорттық шалбары болған.
Жоғалған қызды табу үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылған. Сондай-ақ, туыстары мен еріктілер де іздеуде.
«Аталған жасөспірім қызды көрген-білген адамдар болса, тез арада 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұранамыз», -дейді полиция департаментінің өкілдері.
Фото: Шымкент қаласы полиция департаменті