Шымкентте 16 жастағы курсант көз жұмды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің 16 жастағы курсанты көз жұмды. Облыстық ІІД баспасөз қызметі бұл оқиғаны растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдай жоспарлы жаттығу кезінде болған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір аталған жәйт бойынша бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу Шымкент қаласына қарасты Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан жүргізіліп жатыр.

Қосымша ақпарат тергеу барысынан кейін анықталатын болады. Ал «Жас ұлан» басшылығы әзірге қандай да бір нақты мәлімет бермей отыр. 

Соңғы жаңалықтар