Шымкентте 17 адамды тақырға отырғызған әйел айыпталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қалалық Еңбекші аудандық сотында 48 жастағы әйел аса ірі көлемде алаяқтық жасаған деп айыпталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Өзбекстаннан көшіп келген Жамиля Юлдашбаева бұрын да алаяқтық қылмысы үшін көрші елде сотталған. Ал, Қазақстанға келген 2012 жылдан бері қызы екеуі жүйелі маркетинг желісін құрып, 17 адамды тақырға отырғызыпты.

Сотта сөз алған прокурор Нұрлан Есімқұловтың  айтуынша, айыпталушының компаниясына кірген  жәбірленушілер тиісті талаптарын орындған. Оған сәйкес, желіге кірген адам 150 мың теңге төлеп, мүшелікке енеді. Әрі швейцар сағатын алады. Артынан адам кіргізсе 4 млн теңгеден жоғары көлемде қаржылай сыйақы алады делінген. Алайда мүшелікке енгендер алғашқы жарнаны айыпталушының қолына ұстатпай, компанияның есепшотына төлеп отырған. Бірақ уәде етілген 1,5 млн теңгені ала алмапты. Болмаған соң, ішкі істер органдарына жаппай арыз түсірген. Тергеу барысында полиция қызметкерлеріне алаяқ әйелдің заңсыз әркеттерін дәлелдеу қиынға соқты. Өйткені ол ақшаны қолма қол алмаған. Десе де тағайындалған тиісті  сараптамалардың қорытындылары жүйелі маркетинг жұмысы арқылы азаматтар алданып, ақшаларынан қағылғанын дәлелдеді.
null

«Юлдашбаева қызы екеуі адамдардың сеніміне кіріп, аса ірі көлемде алаяқтық жасаған. Тергеу барысында айыпталушының қылмыстары толық дәлелденді, ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3- бөлігімен айыпты деп танылып отыр», - деді  Еңбекші аудандық прокуратурасының прокуроры Нұрлан Есімқұлов.

Соңғы жаңалықтар