Шымкентте 19 маусым Қала күні болып бекітілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Қала күні 19 маусымға белгіленді. Тарихи шешім қалалық мәслихаттың бүгін өткен кезектен тыс 40-сессиясында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте 19 маусым Қала күні болып бекітілді

Сессия барысында қала басшысы Ғабидолла Әбдiрахымов сөз сөйлеп, еліміздегі үшінші мегаполис үшiн жаңа тарихи кезең басталғанын атап өтті.
«Елбасы 19 маусым күні қаламызға жаңа мәртебе бердi. Бiз Шымкент қаласы күнiн осы тарихи шешiмге байланысты 19 маусым етiп белгiлеп отырмыз», - дедi Ғабидолла Әбдірахымов.

Мәслихат барысында сондай-ақ жаңа хатшы сайланды. Халық қалаулылары мәслихаттың хатшылығына №10 сайлау округiнен сайланған депутат Ғани Ташқараевтың кандидатурасын ұсынды. Дауыс беру барысында депутаттар бұл кандидатты бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, бұған дейін мәслихат хатшысы болған Нұрлан Бекназаров жуырда ғана ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған болатын.