Шымкентте 19 жастағы бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының полицейлері із-түзсіз жоғалған 19 жастағы бойжеткенді іздестіріп жатыр. Жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студент қыз 23 мамыр күні университеттен шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте 19 жастағы бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті

Қыздың ата-анасы 26 мамыр күні Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне арызданған. Онда 1998 жылы туған қыздары Мырзабек Дана Бахытқызы хабар-ошарсыз кеткенін көрсеткен. Содан бері тәртіп сақшылары бойжеткенді таппай отыр. Ендігі жерде  полицейлер облыс және басқа да өңірдің тұрғындарынан Дана Мырзабекті көрген-білгендер  болса,  Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не 8-7252-97-60-09, 8-776-800-81-81 нөміріне  немесе «102» нөміріне  хабарласуын сұрайды.     

Жоғалған  Дана Мырзабектің белгілері: бойы 165 см, дене бітімі орта, шашы иығынан, қоңыр түсті. Қара түсті майка, қара-көк түсті жейде, сұр джинс шалбары, көк түсті балетка - аяқ киім киген.