Шымкентте 20-дан астам футбол жанкүйері полицияға жеткізілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында 20-дан астам футбол жанкүйері полицияға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.
None

Еңбекші аудандық полиция басқармасына 102 арнасы арқылы Уәлиханов көшесіндегі «Прага» кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барды. Белгілі болғандай, «Ордабасы» мен «Ақтөбе» футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік орын алғаны анықталды. Қазіргі таңда полиция басқармасына 20 адам жеткізілді. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда», - деп жазды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар