Шымкентте 210 метрлік мұржаның бұзылуы жер сілкінісін тудыруы мүмкін

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте тозығы жеткен үш мұржаны бұзуға тендер жарияланды. Олардың ең үлкенінің биіктігі 210 метрді құрайды. Мұндай шешімді қала әкімдігі қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Белгілі болғандай, бұзу жұмыстарына қазынадан 9 млн теңге бөлініп отыр.

Мамандар мұржаларды бөлшектеудің бірнеше нұсқасын бекіткен. Оның бір шарты ретінде бұзу жұмыстарын жоғарыдан бастау қарастырылуда. Себебі, биіктігі 70 қабатты үймен пара-пар келетін нысан өздігінен құлайтын болса, 2-3 балдық жер сілкінісін тудыруы мүмкін.  Оның салмағы 500 тонна деп болжануда.
null

«Мұржаны құлату бойынша қазір конкурс жарияланды. Оның қорытындысы  екі аптаның ішінде шығады. Жеңімпаз белгілі болған сәттен бұзу жұмыстарына кірісетін болады», - деді Шымкент қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі.

Қазір қалалық төтенше жағдайлар қызметі алып мұнараларға жақын орналасқан тұрғын үйлерді тексеріп жатыр. Олар тұрғындарды бұзу жұмыстарынан туындауы мүмкін жер сілкінісі туралы ескертуде.

Естеріңізге сала кетейік, қорғасын зауытындағы ескі мұнаралар мен теміржол үстіндегі көпір әбден тозығы жетіп, құлауға шақ қалған болатын. Биіктігі 200 метрден астам, ауданы 30 метр болатын алып мұржалар өткен ғасырдың 30-шы жылдары салынған. Қазір мұнда адамдар темір жинау үшін келеді.

Өткен мамыр айында Шымкент қаласының әкімі оны бұзу туралы шешім шығарды.

null

Соңғы жаңалықтар