Шымкентте 250 млн теңгенің салығын төлемеген кәсіпкер сотталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 250 млн теңге салық берешегін төлеуден жалтарған кәсіпкер 7 жылын түрмеде өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Шымкенттік кәсіпкер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарып келген. Оның мемлекет алдындағы қарызы 250 млн теңгеге жеткен. Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ЖШС басшысына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады.

Күдіктіге қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сот үкімімен кәсіпкер кінәлі деп танылып, оған 7 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ коммерциялық нысандарда 6 жыл бойы басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.


Соңғы жаңалықтар