Шымкентте 26 жастағы жігіт көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 26 жастағы жігіт көпқабатты үйдің шатырынан құлап өлді. Қайғылы оқиға түнгі он бірлер шамасында «Нұрсәт» шағын ауданында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.  

Шымкентте 26 жастағы жігіт көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті

Белгілі болғандай, тоғыз қабатты тұрғын үйде тұратын ер адам 8-ші қабаттағы көршісінің үйіне келіп, ішімдік ішкен. Кейін темекі тартамын деп, балконға шығып кетіпті. Осы кезде ол биіктен құлап кетеді. Оның жоғары қабаттан құлап бара жатқанын ауладағы көршілері көрген. Дереу жедел жәрдем қызметі мен полицейлерді шақырды. Дәрігерлер ес-түзсіз жатқан жігітті ауруханаға жеткізгенімен ол бір жарым сағаттан соң жан тәсілім етті.

Қазір осы оқиға бойынша өңірдің тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.