Шымкентте 26 жастағы жігіт суға батып кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 26 жастағы жігіт суға батып кетті. Оқыс жағдай Қайнар ауылындағы жасанды көлде  орын алған,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

Аймақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 26 маусымда сағат 15.30  шамасында болған. Шомылатын орында демалушылар жас жігітті өз күштерімен құтқарып қалғысы келді. Бірақ  қолдарынан келмеген. Сосын құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

«Сол күні шұғыл кезекшілердің басқару пультіне хабарлама келіп түскен. Жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы 1 техника және су құралымен іздестіру жүргізген. Сағат 17.43-те денесін тауып, жағаға шығарған» делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.   

Айта кетейік, бұл - Шымкент пен Түркістан өңірінде шомылу маусымы басталғалы орын алған осындай 11-ші оқиға.  

Соңғы жаңалықтар