Шымкентте 328 мың түп қызғалдақ көшеттері гүлдеп тұр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте биыл 328 мың түп қызғалдақ көшеттері егілген. Бұл нәзік көктем гүлі Голландия елінен әкелініпті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Шымкентте 328 мың түп қызғалдақ көшеттері гүлдеп тұр

null

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы Жандос Оспановтың сөзінше, әсем гүлдердің тұқымдары былтыр қара күзде отырғызылған. Көктемгі гүлдер бүгінде негізінен шаһардың орталық көшелері мен әкімшілік іскерлік орталығында гүлдеп тұр.

Сәуір айының 20-шы жұлдызына деиін көрік беріп тұратын өсімдіктер алыстан көз тартады. Ал мамыр айынан бастап қызғалдықтың тұқымдары жинап алынып, олардың орнын жаздық гүлдер алмастырады.

null 

Жауапты мамандар биылғы жылы петуния, шафран, катарантус сияқты жаздық гүлдердің 350 мыңға жуық көшетін отырғызуды жоспарлап қойыпты.

null 

Бұл жұмыстар ауа райының қолайлылығына қарай сәуір айында басталады деп күтілуде.