Шымкентте 400-ге жуық адам қар көшкіні қаупі жоғары аймақта тұрады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көшкін қаупі бар Забадам елді мекені мен Қазығұрт шағынауданында зерделеу жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте 400-ге жуық адам қар көшкіні қаупі жоғары аймақта тұрады

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сенсек, Забадам кенті маңында жалпы ауданы 26 мың шаршы метр болатын учаскеде көшкін әсер етуі ықтимал аймаққа Гүлстан көшесі бойындағы 8 тұрғын үй кіреді.

Онда 36 адам тұрады және ұзындығы 250 метр асфальтталған жол учаскесі бар.

Тағы 3 учаске Қазығұрт шағынауданында орналасқан.

Мұнда Құрылыс көшесіндегі 7 тұрғын үй және Батумская көшесіндегі 2 тұрғын үйге көшкін қаупі бар.

Тұрғындардың жалпы саны - 33 адам.

«Қала бойынша барлығы 95 объект орналасқан. Оның ішінде 388 адам тұратын жалпы ауданы 474 5002 шаршы метр көшкін қаупі бар 12 учаске анықталды», - деп атап өтті департамент бастығының орынбасары, полковник Жанибек Кәрімбаев.

Биыл Шымкент қаласының аумағын зерттеу барысында қосымша көшкін қаупі бар учаскелер анықталған жоқ.