Шымкентте 6 елдің əуе шарлары ұшырылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте алғаш рет əуе шарларының «Ашық аспан» халықаралық фестивалі өтті. Шарада алты елдің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте 6 елдің əуе шарлары ұшырылды

Бағдарламада Қазақстан, Украина, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан мен басқа елдердің өкілдері əуе шарларын ұшырды. Аспан көгіне ұзын-саны 15 аэростат көтерілді. Мереке қонақтарына тəжірибелі пилоттар шарды əуеде бағыттау бойынша  шеберлік-сабақтарын көрсетіп, ұтыс ойындары ойнатылды. Флешмобтар мен фотосессия ұйымдастырылды.

null null null 

Ал кешкісін қала тұрғындары белгілі»Moldanazar» тобының қатысуымен болатын концертті тамашалайтын болады.