Шымкентте 60 тұрғын үй ауласын су басып қалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы Еңбекші ауданының, Елтай елді мекенінде қатты жауын-шашын салдарынан арықтың суы тасыды. Салдарынан 60 тұрғын үй аулаларын су басып және 3 шаруашылық нысан қирады. Бұл туралы ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкентте  60 тұрғын үй ауласын су басып қалды

«13 мамыр сағат 19.14 жағдай бойынша Еңбекші ауданының, Елтай елді мекенінде қатты жауын-шашын салдарынан арықтың су тасыған (су Түркістан облысы, Төлеби ауданынан келуде). Қазіргі таңда тасқын су 60 тұрғын үй аулаларын басып және 3 шаруашылық нысанды қиратқан.

ТЖД күштерімен су сору жұмыстары жүргізілуде, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің күшетірмен арықтардың механикалық тазарту жұмыстарын жүргізілуде және 60 тұрғын үйдің тұрғындарын (ЭЖП-не 150 тұрғын эвакуацияланды, 150-ге жуық тұрғын туысқандарына эвакуацияланды) Тоғыс е/м-де орналасқан №120 орта мектебінің және №119 орта мектептерде ұйымдастырылған ЭЖП-леріне (эвакуациялық жиналу пунктері) эвакуациялануда.

Табиғат апатынан қаза тапқандар жоқ. Тұрғын үй аулаларындағы судың деңгейі 20-50 см-ді құрайды. Қазіргі уақытта, судың келу деңгейі 3-5 м.куб.

ТЖ салдарын жою бойынша ТЖД жедел штабы құрылды.

Еске салсақ, бүгін Түркістан облысы Төлеби ауданында Қасқасу өзені арнасынан асып, ауыл арасындағы көпірлерді су шайып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.