Шымкентте 90 көпқабатты үй жөндеу жұмыстарын қажет етеді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көнерген көпқабатты үйлер жөндеуден өткізіліп жатыр. Биыл қалада сейсмонығайту жұмыстары 7 үйде жүргізілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Шымкентте 90 көпқабатты үй жөндеу жұмыстарын қажет етеді

null

Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, жөндеу жұмыстарына қазынадан 723 млн теңге қаржы бөлінген. 7 үйдегі құрылыс жұмыстарын 6 мердігер мекеме атқарады деп жоспарланып отыр. Қазір Бауыржан Момышұлы даңғылындағы екі үйде құрылыс қарқын алған. Олардың қасбеттері жаңаланып, шатыры ауыстырылады. Сонымен қатар қабырғалары бекітіледі. Аталған жөндеу жұмыстарына көпқабатты үйдегі тұрғындардан қаржы жиналмаған. Құрылыс жергілікті бюджет есебінен жүзеге асуда.

null   

Еске сала кетсек, бұл 7 тұрғын үйден бөлек қаладағы 90 көпқабатты үй жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Қазір онда сейсмикалық зерттеу жұмыстары басталды.

null null