Шымкентте 90 жастағы әжей коронавирусты жеңіп шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте коронавирустан сауығып шыққан науқастардың саны 150 адамға жетті. Қауіпті індетті жеңіп шыққандардың арасында 90 жастағы әжей де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық днесаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соңғы екі тәуліктің ішінде қауіпті індет жұқтырған 20 науқас ауруханадан шығарылған.

Дертінен сауыққан соңғы науқас - 2007 жылы туған қала тұрғыны. 13 жасар жасөспірім екі аптадан аса дәрігерлердің бақылауында болып, бүгін үйіне қайтарылды.


Соңғы жаңалықтар