Шымкентте аграрлық ғылымға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция басталды

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Шымкент қаласында Мал және өсімдік шаруашылығының Оңтүстік-Батыс ғылыми-зерттеу институтында ХІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Шымкентте аграрлық ғылымға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция  басталды
«Аграрлық ғылымның - Қазақстанның, Сібір мен Моңғолияның ауыл шаруашылығы өндірісіне берері» деген тақырыпқа арналған жиынды Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы ұйымдастырып отыр. Конференцияға Қазақстанның, Ресейдің, Моңғолияның және Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің жетекші аграршы-ғалымдары, ғылыми-зерттеу ұйымдарының жетекшілері қатысуда. Конференция жұмысы «Өсімдік және егін шаруашылығы», «Мал шаруашылығы және ветеринария», «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау» және «Агроөнеркәсіптік кешен экономикасы» деп аталатын төрт секция аясында жүреді.