Шымкентте алаяқтық әрекет азаймай тұр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қалада алаяқтық азаймай тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте алаяқтық әрекет азаймай тұр

Биыл интернеттегі алаяқтық бойынша 281 қылмыстық іс тіркелген. 34 іс сотқа жолданып, 181 іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы депутаттар алдында есеп берген Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков айтты.

«Алаяқтық бойынша 5 адамнан құрылған топтың қылмыстық әрекеттері анықталды. Үшеуі қамауға алынды. Қалған екеуі іздеуде. Бұл топтың 20-дан астам қылмысқа қатысы бары дәлелденіп отыр», - деді ол.

Айта кетсек, өткен жылы 11 мыңнан астам қала тұрғыны алаяқтарға алданып, қаржы пирамидаларынан зардап шеккен. Оларға 5 млрд. теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.