Шымкентте алаяқтықпен жұртты тонап жүрген жалған полицей ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жұртты тонап жүрген жалған полицей қолға түсті. Қазірдің өзінде 34 жастағы алаяқтың 4 дерекке қатысы бар екені анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Күдіктіні ұстауға қала тұрғынының арызы себеп болған. Ол Әл-Фараби полиция бөліміне келіп, тәртіп сақшысы тонап кеткенін айтқан. Жекеменшік дүкеніне өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған адам қорқыту арқылы екі ұялы телефоны мен сатуға қойылған тауарын алып кетіпті.  Осы оқиғадан кейін жедел іздестіру шараларын жүргізген ішкі істер қызметкерлері қылмыс үстінде сезіктіні қолға түсірді. Тергеу барысында оның 4 адамды алдап кеткені анықталды. Ол тіпті жасөспірімді де қорқыту арқылы смарт-сағатын ұрлап алған. Заттарын тінту барысында жалған куәлік те табылды.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оның үстінен «Тонау» және «Алаяқтық» баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындар арасынан осы алаяққа алданғандар болса «102»  нөміріне не болмаса кез келген полиция бөлімшесіне хабарласуларын сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар