Шымкентте алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласындағы Дербес көшесіндегі кафеде астыртын цехты анықтап, қызметін тоқтатты.

Шымкентте алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды

Астыртын цехты 28 жастағы қала тұрғыны ұйымдастырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жасанды есепке алу-бақылау таңбалары бар 6 атаулы мың бөтелке алкоголь өнімі, құрамында спирт бар 1200 литр сұйықтық тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

2021 жылдың басынан бері аумақтық департамент 11 астыртын цехты анықтады, заңсыз айналымнан 20 мың бөтелке контрафакт, 900 литрден астам спирт және 20 мың ЕБМ тәркіленді.

«Алкоголь өнімдерін қолдан жасау мемлекетке үлкен экономикалық зиян келтіреді және азаматтардың денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Қаржылық мониторинг агенттігі жалған алкоголь өнімін өндіру деректерінің жолын кесуде. Бұл заңсыз әрекет үшін 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу/айыру қылмыстық жауапкершілігі қарастырылғанын еске саламыз»,-делінген хабарламада.