Шымкентте ардагерді автобустан қуып шықпақ болған кондуктор да, жүргізуші де жұмыстан қуылды

«Шымкентте N70 автобуста болған келеңсіздікке байланысты тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде осы автобустың жүргізушісі де, кондукторы да жұмыстан қуылды. Қазіргі таңда жолаушы тасымалдаушы компания қызметкерлеріне жолаушыларға дөрекілік көрсеткен қызметкерлер жазаланатыны ескертілген», - делінген парақшада.
Еске салайық, Шымкенттегі қоғамдық көліктің кондукторы соғыс ардагерін автобустан қуып шықпақ болған. Бұл жағдайды өзге жолаушылар ұялы телефонға түсіріп алып, әлеуметтік желіге салған. Онда кондуктордың зейнеткерге дөрекілік көрсетіп, автобустан түсіріп жібермек болған еді. Ұлы Отан соғысына қатысушы деген куәлігін көрсеткеніне қарамастан кондуктор оны автобустан қуып шығуға тырысқан. Тіпті оған дөрекілік көрсетіп, күш көрсетемін деп қорқытады. Алайда жолаушылардың бірі араға түсіп, қарияға жол ақысын төлейді.
Привет админ, опубликуй вот это видео. Инцидент произошел в Шымкенте в автобусе N70, ветеран ВОВ показал этой твари кондукторше удостоверение участника ВОВ, тем самым указывая на бесплатный проезд в общественном транспорте, на что кондукторша просто взбесилась и унизела, оскорбила дедушку😡😡😡