Шымкентте ардагерлер ардақталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азат ел ардагерлерін ардақтады. Шымкенттегі Абай ауданы әкімдігі өз аумағындағы соғыс ардагерлерін Тәуелсіздік тойымен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Аудан басшысы қан майдан куәгерлерінің үйлеріне барып, арнайы құттықтау хаты мен мерекелік сыйлықтарын табыс етті. Айтып өту керек, бұл шарадан осы ауданда тұратын бірде-бір қария қалыс қалмады. Қарияларға құрмет көрсету үшін жиналған топ алдымен, Абылай ақсақалдың үйіне барды. Өмірінің көктемін от пен оқтың арасында өткізген майдангер қазір - 92 жаста. 8 жылы сергелдеңмен өткен қарт өзін құттықтай келгендерге алғысын айтып, ақ тілегін жеткізді.

Жастық жалынын соғыс жалмаған жанның ендігі тілегі - Тәуелсіздігіміздің тұрғырлы болуы. 220 мыңнан астам тұрғыны бар ауданда 26 соғыс ардагері тұрады. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында солардың ешбірі назардан тыс қалмақ емес. Ол үшін аудан билігі кәсіпкерлердің басын қосып, ардагерлерді ардақтау шарасын қолға алған.

Абай ауданы әкімінің орынбасары Гүлсара Ташимованың айтуынша, Тәуелсіздіктің 25  жылдығына байланысты қазір күнделікті іс-шаралар өтіп жатыр. Сол іс-шаралардың қатарында қайырымдылық акциялары да бар. Ал, мынандай қайырымдылық акциясына кәсіпкерлерді тартып жатқан көрінеді.

Қарияларға құрмет тек бір күнмен шектелмейді. Өйткені, бүгінгі ұрпақ үшін өз бастарын қатерге тіккен тұлғалардың ерлігін ертеңгі ұрпаққа дәріптеу - бүгінгінің парызы.

Соңғы жаңалықтар