11:28, 13 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Шымкентте арнайы операция өтті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте арнайы операция өтті, маска киген адамдар Түркістан көшесіндегі қоймаға шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат tvk-uko.kz-ға сілтеме жасап.
Түркістан көшесіндегі тұрғындардан хабарлама сағат 22.00-де түсті. Адамдар Сайрам көшесімен қиылысындағы ғимаратта құпия арнайы операцияның куәсі болып отырғандарын айтқан. Саунаның ауласына форма киінген құқыққорғаушыларға толы автобус келіп тоқтаған. Кейін жеке көліктерімен маска киген адамдар келіп жетті, олардың «арнайы мақсаттағы шұғыл жасақ» (ОМОН) немесе «арнайы қызмет» айыру белгілері болмаған.
TVK тілшісі күзет қызметімен әңгімелесу барысында арнайы қызмет адамдары сауна ғимараты арқылы оның артқы жағында орналасқан «Керама» дүкенінің қоймасына енбек болып, екінші қабаттағы есікті бұзып жатқанын білді.