Шымкентте «Ashyq» жобасы аясында қандай нысандар іске қосылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының Бас мемлекеттік-санитарлық дәрігерінің «Ashyq« жобасына қатысатын нысандарда шектеу шараларын бекіту туралы» қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қаулы Шымкент қаласының әкімін, мемлекеттік органдарды, ұйымдар мен кәсіпорындарды, заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік нысандарын карантин кезінде шектеулер мен рұқсаттарды іске асырып, «Ashyq» жобасына қатысуға міндеттеген.

Құжатта Шымкент қаласы эпидаухал көрсеткіштері бойынша «қызыл» аймақта болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеудің мынадай өлшемшарттары белгіленді:

- банкет залдарын, асхана, фастфуд, стрит-фуд сияқты объектілерді қоспағанда, қоғамдық тамақтандыру объектілері 50%-дық жүктемемен сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істей алады. Бірақ ғимарат ішінде де, жазғы алаңдарда адам саны 50-ден аспауы керек. Үстелдер арасында 2 метр, орындықтар арасында 60 сантиметр қашықтық сақталуы тиіс.

- моншалар 50% жүктмемемен, әр адамға 4 шаршы метр кеңістік ұсыну арқылы 09:00-ден 23:00-ге жұмыс істейтін болады. Жексенбі күні қызмет көрсетілмейді.

- СПА орталықтар, бассейндер қалыпты жұмыс істейді. Бассейндер бір адамға 5 шаршы метр су айдыны берілуі тиіс.

- фитнес-клубтар, йога орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, филармониялар, концерт залдары қалыпты режимде жұмыс істейді. Бірақ жүктеме 20%-дан аспауы қажет.

- облыстар арасында, қала ішінде турист тасымалдаушылар рұқсат етілген облыстардың, қалалардың және елді мекендердің аумағына 75% жүктемемен, бірақ 15 адамнан асырмай жұмыс істейді.

- бильярд клубтары 12:00-ден 24:00-ге дейін 50% жүктемемен жұмыс істейді.

- PlayStation клубтары мен компьютерлік клубтарға кіруге тек 16 жастан асқан адамдарға рұқсат етіледі.

- боулинг клубтары сағат 12:00-ден 24:00-ге дейін 50% жүктемемен жұмыс істейтін болады.


Соңғы жаңалықтар