Шымкентте Ashyq жобасына қатыспаса жұмысына тыйым салынатын нысандардың тізімі жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы бас санитар дәрігерінің 30 шілдедегі №26 қаулысының №1 қосымшасына түзету енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте Ashyq жобасына қатыспаса жұмысына тыйым салынатын нысандардың тізімі жарияланды

Қаулымен бірге берілген қосымшаның жаңа нұсқасында Ashyq жобасына қатыспаса, жұмысына тыйым салынатын нысандар мен қызметтердің санаты берілген.

Олар:

- Музейлер, кітапханалар;

- Азық-түлік емес дүкендер;

- Жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

- Қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және тағы басқалар;

- Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша);

- ХҚКО (тек онлайн режимде);

- Діни нысандар

- Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері;

- Жазғы алаңдар,

- Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын);

- Моншалар, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер;

- Қалааралық, облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы;

- Спорт кешендері, спорттық нысандар, спорттық- сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтары;

- СОО, сауда үйлері, сауда желілері;

- Мәдениет объектілері (дайындық);

-Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар;

- Облысаралық тұрақты және тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

- Қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

- Бильярд, компьютерлік клубтар, PlayStation клубтары;

- Лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселер;

- Боулинг, цирктер;

- Балалардың ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары, аттракциондар);

- Ашық ауадағы аттракциондар;

- Жалпы білім беру мектептерінде мектеп жанындағы лагерьлер;

- Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;

- Ас беру (еске алу);

- Банкет залдары;

- Түнгі және ойын клубтары, караоке

- Зоосаябақ;

- Аквасаяжайлар, жағажайлар, жабық аквасаяжайлар;

- Ойын-сауық, спорттық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар;

- Көрмелер;

- Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар).