Шымкентте атыс қаруын асынған азамат ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте түн ортасында қару алып жүрген отыз жастағы азамат полиция қызметкерлеріне ұсталды. Қонақ үйлердің бірінің алдында көлігінде жалғыз отырған Ленгір қаласының тұрғыны патрульдік полициядағылардың назарына іліккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте атыс қаруын асынған азамат ұсталды

Құжаттарын тексеруге тоқтағандарды көргенде күдікті тыпырлап, қуыстана бастаған. Әрекеті күмән тудырған азаматтың көлігі тексеріліп, жүк салғышын ашқан уақытта, 16-шы калибрлі атыс қаруы шыққан. Тергеу тобы шақырылып, 1986 жылғы азамат полиция бөліміне жеткізілген.

Жүргізуші полицейлерге «Менің көлігіме мылтықты кім салғанына өзім де таңмын» - деп жауап берген.

                                                                                                                                                  Ерлан Жүнісбайұлы