Шымкентте атышулы қылмыстық іске нүкте қойылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте атышулы қылмыстық іске нүкте қойылды. Түнгі клубта кісі өлтіргендерге қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.  
None
None

«Пандора» түнгі клубында 23 жастағы Бауыржан Егембердиевті атып өлтіргендерге ауыр жаза тағайындалды. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты басты күдікті ретінде ұсталған Асыл Нұрділдаевты 17 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейтін болады. Ал оның үш сыбайласы 6 жыл жаза арқалады.

Үкімді оқып берген судья Айжан Медеубекова тергеу барысында полиция қызметкерлері тарапынан бірқатар кемшіліктер орын алғанын атап өтті. Осыған орай өңірдің Ішкі істер департаментіне тиісті хат жолданатынын жеткізді.

Ал мұндай жазаны күтпеген айыпталушылардың туыстары сот ғимаратында шу көтеріп, дау шығарды.

Еске салайық, қылмыстық оқиға  өткен жылдың қазан айында орын алған болатын. Түнгі төрттер шамасында түнгі клубта атыс болып, жас жігіт қаза тапқан еді. Кейіннен осы қылмысқа қатысы бар деген төрт күдікті ұсталып, тергеу шаралары бірнеше айға созылды. 

Соңғы жаңалықтар