Шымкентте автобус апатқа ұшырап, 11 адам ауруханаға түсті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жол-көлік оқиғасынан 11 адам зардап шегіп, ауруханаға түсті, деп хабарлады жедел жәрдем ауруханасынан.
None
None

Тәуке Хан даңғылында №74-ші автобусқа «Тойота» көлігі келіп соғылған. Кәуегерлердің айтуынша, жеңіл көлік күтпеген жерден атып шығып, жолдың қарсы бетіндегі қоғамдық көлікті соққан. Соққыдан автобус жол жиегіндегі ағашты «ұрып», арыққа құлаған. Сонымен қатар, көше жарықтарын да қиратқан. Автобустың есіктері ашылмай, жолаушылар терезеден түсуге мәжбүр болды. Оқиға кезінде автобуста 40 адам келе жатқан.

Соңғы жаңалықтар