Шымкентте автобус аударылып, 13 адам жапа шекті - ФОТО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жол-көлік оқиғасынан 13 адам зардап шекті. Қазіргі уақытта олардың көпшілігі жедел медициналық көмек ауруханасында тексеруден өтуде.

Шымкентте автобус аударылып, 13 адам жапа шекті - ФОТО

«Зардап шеккендер орташа дәрежелі ауыр жарақат алған. Кейбірінің миы шайқалса, енді біреулерінің денелері көгерген, жараланған, қаза тапқандар жоқ», - деді аурухананың қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Ауруханаға жатқызылғандардың барлығы - қалалық автобустың жолаушылары. Ол Төреқұлов пен Аймауытов көшелерінің қиылысында аударылған. Куәгерлердің айтуынша, автобус қарсы жолаққа шығып кеткен, содан автобусты басқара алмай қалған. Апаттың нақты себептерін ОҚО ІІД тергеушілері анықтау үстінде.