Шымкентте автобус қағып кеткен оқушының жағдайы белгілі болды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте автобус қағып кеткен оқушының жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2010 жылы туған ұл бала қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның бас сүйегі сынып, бас ішінде гематома пайда болған. Баланың жалпы жағдайы өте ауыр, тұрақсыз. Ол жансақтау бөлімінде жатыр»,
- делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Еске салсақ, жол-көлік оқиғасы бүгін болған. Жолаушылар автобусы оқушыны байқамай, қағып кеткен.
Қалалық полиция жол апатының себеп-салдарын тексеріп жатыр.