21:08, 16 Шілде 2017 | GMT +5
Шымкентте автобус пен үш көлік бір-біріне соғылып қалды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте автобус пен үш көлік бір-біріне соғысып қалды. Абырой болғанда жолаушылары аман, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Оқиға күндіз қаланың орталығында болған. Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысында автобусты артқы жағынан «Тойота» көлігі соққан. Артынша «Тойотаға» «Ауди» мен «Хюндай көліктері келіп соқтығысқан. Осыдан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жетті. Сол жерде болған куәгерлердің сөзіне қарағанда, жол көлік оқиғасына «Тойота» көлігінің жүргізушісі кінәлі болған.
Жол апатының себеп-салдары мен қанша шығын келгенін ішкі істер басқармасының қызметкерлері анықтайды.