Шымкентте «AYBA-Жанұя» қаржы пирамидасын құру бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «AYBA-Жанұя» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте «AYBA-Жанұя» қаржы пирамидасын құру бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ойдан шығарылған шарттармен азаматтарға баспана алуға көмек көрсететіні анықталды. Әлеуметтік желілерде сипатталған шарттарға сәйкес инвестор 5000 теңге салып, одан кейін 5 немесе одан да көп адамды тартуы керек.

Адамдарды тартқаннан кейін салымшыға салған сомасы қайтарылады және сыйлық беріледі. Белгілі бір деңгейге жеткен соң салымшыға пәтер немесе 10 миллион теңге уәде етілген.

Еске салайық, қаржылық (инвестициялық) пирамида схемаларын құру ҚР ҚК 217-бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен қылмыстық жауапкершілікті көздейді.

«Азаматтарды қырағы болуға және қысқа мерзімде артық пайда табу туралы күмәнді ұсыныстардан аулақ болуға шақырамыз.

Құрметті азаматтар!

«AYBA-Жанұя» қаржылық пирамидасының құрбаны болсаңыз, сенім телефондарына хабарласыңыз»,-делінген хабарламада.