Шымкентте әйел адам алтыншы қабаттан құлап кетті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі көпқабатты үйдің алтыншы қабатының терезесінен әйел адам құлап кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Оқиға 12 шағын ауданы Уәлиханов көшесінің бойындағы №5 емхананың жанындағы болған.
Куәгерлердің айтуынша, 50-55 жас шамасындағы белгісіз әйел тоғызқабатты үйдің алтыншы қабатындағы подъезд терезесінен құлаған. Жанында оның сөмкесі жатыр. Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметінің мамандары келіп жетті.
Полицейлер үйдің маңайын оқшаулап қойды.