Шымкентте Әз Наурызды тойлау басталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте әз Наурызды тойлау басталып, «Сейіл - Қошқар ата» шарасы өтті. Қошқар ата өзенінің бойында ұйымдастырылған фестивальде түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылып, ұлттық тағамдар дайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null

Көктемнің басын бұлақ бастауынан тойлау үрдісі Шым шаһарда өткен жылдан бері жалғасын тауып келеді. Бүгінгі «Сейіл-Қошқар ата» шарасында Шым шаһардың тұрғындары сейіл құрып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Қолөнершілер көрмесін көріп, өзге ұлт өкілдерінің концерттік бағдарламасын тамашалады. Фестиваль аясында сондай-ақ кіл мықты мен күш атасын еңсерген ерлер анықталды. Асыл тұқымды қошқарлар мен қойлар да таныстырылып, қошқар көтеруден жарыс ұйымдастырылды. Мерекенің көркі осы - салмағы 60 келіден астам қошқарды көтерген палуандар сайысы болды. Онда қошқарды иығына сан рет көтеріп, қарсыластарын сан соқтырған Акбар Елубайұлы жеңімпаз болып танылды. Созақтың серісі қошқарды иығына 70 рет көтеріп, бас бәйгені ұтып алды. Шарада ұлттық ойынның өзге де түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Боз кілемде белдескендер қазақша күрестің жеңімпазын анықтады. Тоғызқұмалақ, кір тасын көтерушілер де өзара мықтыларды мойындатты. Қылқалам шеберлері де мерекенің көркін келтіріп, мезгіл мен мерекенің сұлулығын суреттеуден сынға түсті. 

null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар
telegram