Шымкентте азық-түлікті тұрақтандыру қорына 7,4 млрд теңге бөлінді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте азық-түлікті тұрақтандыру қорына 7,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте азық-түлікті тұрақтандыру қорына 7,4 млрд теңге бөлінді

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен актив отырысында айтып өткендей, геосаяси ахуалдарға байланысты қазірдің өзінде еліміз қаржылық-экономикалық қиындықтарға тап келіп отыр. Ұлттық валютаның тұрақсыздығы мен логистиканың қиындап кеткені азық-түлік тауар нарығына да әсер етіп жатыр. Биыл Шымкент қаласы бойынша азық-түлікті тұрақтандыру қорына 7,4 млрд теңге қаржы қарастырылып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры жасақталып отыр.

М.Әйтенов кәсіпкерлерді шұғыл қолдау, қаланың өнеркәсіп саласын бақылап отыру үшін «Атамекен» палатасымен бірлесіп арнайы комиссия құру керектігін қадап айтты.

Сонымен бірге әкім комиссия отырысының күнде өткізілуін, азық-түлік бағасын бақылап, негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдауды жүктеді.