Шымкентте банктен 300 мың теңге алған келіншекті тонап кетті

Оқиға қаланың орталық көшелерінің бірінде болған. Шымкент қалалық № 2 ауруханасына жеңіл жарақатпен 1974 жылы туған келіншек түскен. Ол полиция қызметкерлеріне қаладағы банктердің бірінен 300 мың тенге ақша алғанын, алайда шамалы ауқыт өткеннен кейін белгісіз тұлғаның күш көрсету арқылы 300 мың теңгесін және «Самсунг» маркалы ұялы телефонын тартып алғанын айтқан. Сөйтіп, күдікті белгісіз бағытқа қарай ізін суытқан. Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы бар деген күдіктіні қолға түсірді. 28 жастағы сезіктіден ұрланған «Самсунг» ұялы телефоны тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда оған қатысты Қылмыстық кодекстің 191-ші «Тонау» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, тергеу шаралары жүргізілуде. Оның өзге де қылмыстарға қатысытылығы анықталуда.