Шымкентте бензин қымбаттады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі жанармай құю станцияларындағы баға өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

АИ-92 маркілі бензинінің бағасы кейбір станцияларда 2-3 теңгеге өсті. Мысалы, «Газпромнефть», «Гелиос», «Сатужол» станцияларында бензин бағасы литріне 130 теңге деп қойылды. Ал, «Сигма», «Синойл» сияқты станцияларда бензин құны 15 теңге қосылып 127 теңгеге дейін артты.

Бағаның өсуі Шымкент мұнай өңдеу зауытының жоспарлы күрделі жөндеуге тоқтауымен байланысты болып отыр, деп мәлімдеді «Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров. «Ең басты себеп - зауыттың жоспарлы жөндеуге тоқтауымен байланысты. Меніңше, мұндай баға алдағы 1 ай көлемінде, яғни зауыт іске қосылғанша сақталады»,-деді Қамбаров.

Ол сөзінде бензин бағасының құбылуы сонымен қатар Шымкенттен жеткізілетін бензиннің көлемі шектелгендігімен де байланысты екендігін айтты. Енді отынды Павлодардан тасу керек болып тұр. «2,5 мың тонна алып келе жатыр. Оператор бензинді келесі жолы сатып алғанға дейін жеткізуі керек. Сол себепті ол бағаны көтеруге мәжбүр. Бұл жағдай монополияға қарсы комитет тарапынан реттеледі. Олар бензиннің қайдан алғанын және қандай бағамен сатылатынын реттеп отырады»,-деді қауымдастық төрағасы.

Сонымен қатар ол отынға қатысты зәрулік аймақта жоқ екендігін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс»ЖШС технологиялық желіні жоспарлы күрделу жөндеуден өткізу үшін тоқтатты. Ол 12 қарашада іске қосылады. Жөндеу жұмыстары зауыттың өндіріс қуатын арттырып, кәсіпорынның әрі қарай тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар