Шымкентте бес баланың анасы үшем туды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 33 жасында үшем босанған қала тұрғыны Юсупова Гульмира бірден сегіз баланың анасы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері үш сәби мен анасын бүгін перзентханадан сән-салтанатпен шығарып салды. Айсұлтан, Әлия және София есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Үшем 24-сәуір күні 35 апталық кезінде жасанды тілік арқылы туған. Сәбилердің салмағы 2000-2470 грамм, бойы 40-42 см құрайды. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарған.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10649 сәби дүние есігін ашқан. Оның 5165 қыз баласы болса, 5484 ұл бала.