Шымкентте бір тәулікте 50 адамнан коронавирус табылған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте 50 тұрғыннан COVID-19 диагнозы нақтыланды. Оның ішінде 24 науқас вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте бір тәулікте 50 адамнан коронавирус табылған

Қалалық төтенше жағдай штабының мәліметінше, індет жұқтырғандардың 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Ал, қалған 21-інен вирус скрининг нәтижесінде анықталған. Бүгінде COVID-19 диагнозы расталған тұрғындардың барлығы инфекциялық стационарда ем алуда.

«Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жасалды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, соңғы тәуліктегі мәлімет бойынша қалада COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 485 адамға жетті.