Шымкентте бірнеше көлік ұрлаған күдікті ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полицейлер Шымкентте көлік ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шымкентте бірнеше көлік ұрлаған күдікті ұсталды

Шымкент тұрғынының «Опель Вектра» маркалы автокөлігін айдап әкеткен. Полицейлер 25 жастағы жігітті ұстады. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті ұрланған көлікпен жол-көлік апатын жасап, бағанаға соғылған. Кейін оқиға орнынан ізін суытқан. Күдікті ұсталды. Ол бұдан бұрын екі рет сотталған.

«Қазіргі уақытта полицейлер ұсталушының автокөлік ұрлау бойынша 8 фактіге қатысы барын анықтады. Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген ІІД хабарламасында.
nullnull