Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық кездесулері басталды
АСТАНА - ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 49 килограмға дейінгі салмақта Ақмола облысының өкілі Теміртас Жүсіпов Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Финалда 29 жастағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Теміртас Жүсіпов тәжірибесінің арқасында Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан жас боксшы Шалқар Ақынбайдан басым түсті.
Финалдық бәсекелер жалғасуда.