Шымкентте болған атысқа қатысты күдіктілер ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте болған атысқа қатысты үш күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
None
None

Айта кетейік, 2020 жылдың 10 тамызында Қазиев көшесінде орналасқан «Гранд-Прага» мейрамханасында оқ атылып, жәбірленушілердің бірі оқиға орнында қайтыс болды, екіншісі ауруханаға жеткізілді. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 99-бабы (Адам өлтіру) және ҚР ҚК 287-бабымен (Атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 12 тамызда қабылданған шаралар аясында Алматы қаласында үш күдікті ұсталып, Шымкент қаласының Полиция департаментіне жеткізілді.

14 тамызда Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.



Соңғы жаңалықтар