18:52, 26 Сәуір 2019 | GMT +6
Шымкентте боулинг-орталық өртенді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында боулинг-орталықтағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
«26 сәуір күні сағат 11:39-да өртке қарсы қызмет пультіне Шымкент қаласындағы «Галакси Боулинг» орталығындағы өрт туралы ақпарат келіп түсті. От машиналық бөлімде тұтанып, 50 шаршы метр аумақты шарпыған», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Тілсіз жау 12:15-те ауыздықталып, 12:33-те толық сөндірілді. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
«Алдын ала болжам бойынша, электр сымдары тұйықталған болуы мүмкін. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 25 адам және Шымкент қалалық ТЖД 5 техникасы жұмылдырылды», - дейді комитет өкілі.