Шымкентте букмекерлік кеңсені тонап кетті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте букмекерлік кеңсе тоналды. Белгісіз біреу кеңседегі оператор қыздарды қорқытып, бар ақшасын алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қылмыстық оқиға кеше түнгі сағат 22.30-дар шамасында Жангелдин көшесіндегі букмекерлік кеңседе болған. №14 үйдің бірінші қабатында орналасқан кеңсе тәулік бойы жұмыс істейді. Қылмыс орын алған соң, оқиға орнына әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің басшылығы бастаған бір топ қызметкерлер келіп жетті. Олар оқиға орнын қоршауға алып, тонаушылардың ізіне түспек болған. Патрульді экипаждар аулаларды қарап, ұрыны іздестірген. Алайда бүгін белгілі болғандай, ұрлықты кеңседегі оператор қыздардың бірі ұйымдастырған болып шықты. Оның бірі жігітін кеңсеге шақырып алған. Кейіннен сүйіктісі 350 мың теңгедей ұтылып қалыпты. Осы ақшаның орнын толтыру үшін екеуі ұрлықты қолдан ұйымдастырған екен. Бұл туралы өңірдің қадағалаушы орган өкілдері хабарлады. Қазір кеңсе қызметкерінен жауап алынуда . Өзге мәліметтер тергеу кезінде белгілі болмақ.